Ежелгі Тараз

Түркияның Global Bakış ақпараттық порталында ғылыми мақала жарияланды

Түркияның Global Bakış ақпараттық порталында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығының ғылыми қызметкері Жұлдыз Мұханқызы Шалкееваның Қали Жүніс моншасына арналған ғылыми мақаласы жарияланды.
 
Автор архивтік құжаттар мен тарихи деректер негізінде моншаның тарихын, зерттелу кезеңдерін және реставрация жұмыстарын қарастырады. Сондай-ақ нысанның дәстүрлі шығыс моншалары сәулетіндегі ерекшеліктеріне тоқталады.
Мақаланың толық нұсқасы: https://globalbakis.com/haber/kali-junis-hamami-tarazin-tarih