Ежелгі Тараз

Мадина Мананбайқызының «Баласағұн қаласы: ономастикалық және археологиялық деректер мен зерттеулер» атты ғылыми мақаласы жарық көрді

2026 жылдың 20–22 сәуірі аралығында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің бірлесуімен «Ақынжанов оқулары – 2026» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
 
Конференция материалдары жинағында «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Мадина Мананбайқызының «Баласағұн қаласы: ономастикалық және археологиялық деректер мен зерттеулер» атты ғылыми мақаласы жарық көрді. Зерттеу барысында көне Баласағұн қаласының тарихи-мәдени маңызы ономастикалық және археологиялық деректер негізінде қарастырылған.
АЧ 2026 облегченный