«Тараз – ұлттық тарих пен мемлекеттік сабақтастықтың айғағы»
23.10.2026
25 қазан – Республика күніне орай Тараз қаласындағы «Парасат» жоғары колледжінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барысында білім алушылар көне шаһардың бай тарихы мен археологиялық олжаларымен танысты. Экспозиция ұлттық мұраны дәріптеп, жас ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.


