Новости
Участники экспедиции "Путешествие в сердце Евразии" прибыли
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Visit Taraz (@visit__taraz)
ПодробнееПоследние новости о жизни музея и культурных мероприятиях
Новости
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Visit Taraz (@visit__taraz)
Подробнее
Новости
Тарих тереңіне үңілген сайын Тараз бізді тағы да таңғалдырады. Археологтардың соңғы зерттеулері нәтижесінде Көне Тараз қалашығынан бұрын-соңды белгісіз болған құпия медресе орны табылды! Бұл құрылыс шамамен XI–XII ғасырларға тән. Саз кірпіштен өрілген, күйдірілген әшекейлі тақташалармен көмкерілген бұл нысан – тек діни білім ордасы ғана емес, сол дәуірдің ғылыми, мәдени және рухани орталығы болғанға ұқсайды. Бұл жаңалық Тараздың ислам өркениетіндегі орны мен білі...
Подробнее
Новости
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығына қарасты Айша бибі кесенесіне бүктеме парағы дайындалды. Ақпаратты ұсынушы “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің қызметкерлері. Көркемдік тұрғыдан безендірген “Қор сақтау және есепке алу” бөлімінің дизайнері - Г. С. Әбдібекова.
Подробнее
Новости
«Отырар музейі кеше және бүгін: музей ісінің даму үдерістері мен жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы табысты өтті. Осы ауқымды шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы, бөлім тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы белсенді түрде қатысып, сертификатқа ие болды! Бұл – музей саласындағы жаңа ізденістерге, кәсіби тәжірибе алмасуға...
Подробнее
Новости
Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері Б. М. Хасенова, Р. Т. Дарменов және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Алимханова Ұлбосын «Қарлұқтар торевтикасы: көркемдік дәстүрлер мен технологиялар» жобасы аясында бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Жоба барысында музей қорындағы металдан жасалған әйел әшекейлері зерттеліп, суретке түсірілді. Сондай-ақ, ерте темір дәуірінен...
Подробнее
Новости
Ежелгі Тараз ескерткіштері музей-қорығының тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы “Асыл қазына” радиохабарының қонағы болды! Сұхбат барысында Ақдидар Жәнібекқызы ортағасырлық Меркі қалашығының бай тарихына терең тоқталды: 1. Меркі қалашығының тарихи маңызы – Жібек жолының маңызды бекініс нүктесі ретінде сауда мен мәдени байланыстардың дамуына зор үлес қосқан. 2. Археологиялық қазбалар нәтижесі – Қалашықтан табылған қыш ыдыстар, құрылыс іздері және тұрмысты...
Подробнее
Новости
Құрметті достар! Тараздың ежелгі мұраларына сапарлауға дайынсыз ба? Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей қорығына қарасты нысандарда заманауи 3D үлгісіндегі ақпараттық тақтайшалар жаңартылды! Енді сіз кесенелердің аңыздарын QR-код арқылы көре аласыз. Сонымен қатар, әр нысанның нақты жол картасын QR-кодпен оңай жүктеп алуға болады. Саяхаттарыңыз сәтті болсын! Тараздың тарихы мен мәдениеті әрқашан қымбат!
Подробнее
Новости
Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің” тарихшысы Улжан Қаныбекқызы Айша бибі кесенесі мен Бабаджахатун кесенесіне мониторинг жүргізді. Алдағы уақытта жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша есеп дайындалатын болады. Біздің мәдени мұрамыз – тарихымыздың айнасы!
Подробнее
Новости
Құрметті отандастар! Бүгінгі Рәміздер күні – халқымыздың рухын, бірлігін айқындайтын, тәуелсіздігіміздің ең маңызды нышандарын ардақтайтын мереке! Қазақстанның көк байрағы, еңселі елтаңбасы мен жүректі тебірентер әнұраны – әрқайсымыздың мақтанышы. Осы қасиетті рәміздеріміздің мәртебесі биік, елдік бірлігіміз нығайып, болашағымыз баянды болғай! Рәміздер күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Подробнее
Новости
Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова Тұңғыш Президент Қорының YouTube арнасындағы Qazaq Quest жобасына сұхбат беріп, түсірілімге қатысты. Бұл жобада біздің музей-қорыққа қарасты Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан баба және Дәуітбек кесенелері таныстырылды. Әріптесіміз Фаризаға сәттілік тілейміз! Алдағы уақытта жаңа жобаның жарыққа шығуын асыға күтеміз!
Подробнее
Новости
Халықаралық балалар күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова Оқушылар сарайының суретшілерімен бірге Көне Тараз археологиялық саябағына танымдық экскурсия жүргізді. Қор сақтау бөлімінің қызметкерлері оқушыларға көне Тараздан табылған құнды жәдігерлердің маңызын түсіндіріп, олардың тарихымен таныстырды. Балалар ерекше қызығушылықпен тыңдап, көне жәдігерлердің бейнесін қағаз бетіне түсірді. Іс-шара...
Подробнее
Новости
Балаларды қорғау күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Ұлболсын Әлімханова мен «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының туристік-өлкетану үйірмесінің жетекшісі Крокошева А.В. Ақыртас архитектуралық-археологиялық кешеніне танымдық экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында жас өлкетанушылар ортағасырлық бірегей сарай кешенінің қирандыларымен танысып, көне аңыздар мен қызықты әңгімелерді тыңдады. Сонымен қатар, визит-орталықтағы...
Подробнее